31.03.2026
«Бақытты балалық күндерім»тақырыбында наурыз айында тәрбиеші Бердиева Ляззат
консультациялық пункт өткізді.
Мақсаты: Баланың бөбекжайдағы өмірін қуанышты, қауіпсіз әрі мазмұнды ету жолдарын көрсету. «Бақытты балалық» дегеніміз – баланың өзін еркін, қауіпсіз сезінуі, ойын ойнап, қызығушылықтарын дамытуы, мейірім мен қамқорлық көруі.
Ата-аналарға ұсыныстар:
Баланың балабақшадағы күн тәртібіне қызығушылық таныту.
Оның жетістіктерін мадақтап, қолдау көрсету
Тәрбиешілермен тығыз байланыста болу
Үйде жылы атмосфера қалыптастырып, баламен көбірек сөйлесу қорытындылай келе бақытты балалық – бұл ата-ана мен тәрбиешінің бірлескен еңбегінің нәтижесі. Баланың әр күні қуанышқа толы болуы – біздің басты міндетіміз.
