Наурыз айында ересек топ тәрбиеленушілерімен топ тәрбиешісі Сүлейменова Іңкар «Жасыл желек аясында» тақырыбында саябаққа танымдық саяхат ұйымдастырылды.
“Ақжігіт” бөбекжайы” ЖБҚ МКҚК-ны наурыз айында ересек топ тәрбиеленушілерімен топ тәрбиешісі Сүлейменова Іңкар «Жасыл желек аясында» тақырыбында саябаққа танымдық саяхат ұйымдастырылды. Саяхат барысында балалар табиғаттың әсем көріністерін тамашалап, ағаштар, бұталар мен гүлдердің түрлерімен танысты. Сонымен қатар, таза ауада серуендеп, түрлі қимылды ойындар ойнады.
Тәрбиешілер балаларға табиғатты қорғау, қоршаған ортаға қамқорлық жасау туралы түсінік беріп, экологиялық тәрбие жұмыстарын жүргізді. Балалар өз әсерлерімен бөлісіп, табиғатқа деген қызығушылықтарын көрсетті.
Бұл іс-шара тәрбиеленушілердің табиғатқа сүйіспеншілігін арттырып, олардың танымдық қабілеттерін дамытуға және салауатты өмір салтын қалыптастыруға ықпал етті.



